6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Дүйсенбі күні еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады
6 қаңтарда Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Елдің кей бөлігінде жауын-шашын болып, республиканың солтүстігінде қар жауып, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі болжанады.
Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-23 м/с жетеді.
Жамбыл, Алматы, Түркістан, Қызылорда, Манғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, Түркістан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.