12.11.2021, 17:08
Жаңалықтар
ДСМ: Pfizer вакцинасын ақылы негізде салдыру мәселесі талқыланып жатыр
Екпенің нақты бағасы әлі белгіленген жоқ
Қазіргі уақытта Pfizer вакцинасын тек балалар мен жүкті және бала емізетін әйелдерге салдыру жоспарланған. Осыған орай, Pfizer-ды қосымша салдыруға ниеттілер үшін мемлекет коммерциялық сату жағын қарастырып жатыр деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен жиында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой басқа топтар үшін Pfizer вакцинасын ақылы негізде салдыру мәселесін тиісті ұйымдармен бірлесіп қарастырып жатқанын мәлімдеді.
Денсаулық сақтау министрлік аталмыш екпенің нақты бағасын әлі белгілеген жоқ.
Айта кетейік, елорда әкімдігі қалада Pfizer вакцинациясын алуға болатын 5 мың жүкті, 28 мың бала емізетін әйел және 63 мың бала бар екенін хабарлады.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді