$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

А. Цой: Баланың вирустан қорғануы енді ата-ананың жауапкершілігінде

Әлемде коронавирустық инфекцияға қарсы 60 млн-нна астам бала мен жасөспірім егілді

А. Цой: Баланың вирустан қорғануы енді ата-ананың жауапкершілігінде

Жасөспірімдерді вакцинациялау білім беру ұйымдарының егу кабинеттерінде ата-аналарының немесе олардың заңды өкілдерінің ақпараттандырылған жазбаша келісімімен ғана жүргізіледі деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен жиында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жасөспірімдерді вакцинациялаудың ережесін хабарлады.

Оның айтуынша, ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің қалауы бойынша жасөспірімдер медициналық ұйымның егу пункттерінде екпе ала алады.

«Біз балалар жаппай екпе алу керек деп күштей алмаймыз. Әр ата-ана баласын қалай қорғау керектігін өзі шешеді. Тәуелсіз сауалнамаға қатысқан ата-аналардың 30 пайызы балаларына вакцина салуға қарсы емес екен. Бұл жаман көрсеткіш емес. Уақыт өте келе, балалардың денсаулығы үшін халық вакцина алудың маңыздылығын түсінеді», ˗ дейді министр.

Айта кетерлігі, министрлік «Pfizer» компаниясының «Comirnaty» вакцинасының 4 млн 230 мың доза вакцина сатып алды, бұл 2 млн 115 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді.

Республикаға 379 мың доза көлемінде бірінші партиясы жеткізілді, оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) 12-ден 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін аналарды вакцинациялау үшін ұсынады.

Вакцинация бірінші дозаны алғаннан кейін 21-ден 28 күнге дейінгі аралықпен екі рет жүргізіледі.

Жаһандық тәжірибеге сәйкес балаларды вакцинациялау әлемнің 30-дан астам елінде жүргізілуде, оның ішінде 20-ға жуық елде балаларды вакцинациялау үшін «Pfizer» вакцинасы пайдаланылады.

Негізінен вакцинация 12 жастан бастап жүргізіледі, алайда жекелеген елдерде 3 жастан бастап (Қытай) және 5 жастан бастап (АҚШ) жүргізілуде.

Бүгінгі күні әлемде коронавирустық инфекцияға қарсы 60 миллионнан астам бала мен жасөспірім егілді.

Серіктес жаңалықтары