$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оралда жазасын өтеушіні соққыға жыққан абақты қызметкеріне қатысты істі прокуратура тексереді

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды

Оралда жазасын өтеушіні соққыға жыққан абақты қызметкеріне қатысты істі прокуратура тексереді
Фото ашық дереккөзден

Орал қаласындағы қатаң режимдегі колонияда абақты қызметкері жазасын өтеушіні соққыға жыққан. Бұл оқиғаны енді прокуратура тексереді, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті.

Полиция департаменті ұсынған мәліметтерге сүйенсек,  жазасын өтеушінің камерасын тексеру кезінде ол жерден ұялы телефон табылған. Ал абақты қызметкерлері байланыс құралының қайдан әкелінгенін анықтауға тырысады. Алайда сотталушы абақты қызметкерлеріне қарсы шыққан.  Сол жерде өзінің ішін жарып, шу шығарған. Сонымен қатар, жазасын өтеуші туыстарына өзін түрме қызметкерлері аяусыз ұрып-соқты деп шағымданған. Айта кетейік, жазасын өтеуші танысымен бірге қыз зорламақ болғаны үшін айыпталып, он жылға сотталған.

«Осы оқиға бойынша Қылмыстық Кодекстің 105-бабы бойынша, яғни, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегімен қылмыстық іс қозғалды. 2 қарашада облыстық Полиция департаменті мұны басқа бапқа, яғни, азаптау бойынша 146-бапқа өзгерту туралы шешім қабылдады», - деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметкері Дариға Мәжитова.

Болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін бұл іс прокуратураға берілді.

 


 

 

Серіктес жаңалықтары