$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде алдағы уақытта кейбір сот шешімдерін робот шығарады

Ал судья тек тексеріп, қол қояды

Елімізде алдағы уақытта кейбір сот шешімдерін робот шығарады
Фото ашық дереккөзден

Енді Қазақстанда судьяның қарауын талап етпейтін даусыз істер бойынша шешімді робот шығарады. Бұл «Судьяның смарт көмекшісі» жобасы аясында жүзеге аспақ. Бұл туралы ҚР Жоғарғы Сотының ресми өкілі Айдос Сәдуақасов айтты.

Ресми өкілдің айтуынша, қазіргі уақытта сот жүйесіне робот бағдарламасын енгізу жұмыстары басталып кеткен.

«Біз сот жүйесіне робот бағдарламасын енгізуді бастап кеттік. Осы бағдарлама бойынша судьяның қарауын талап етпейтін даусыз істер іріктеліп алынады. Статистика бойынша, дәл осындай 400 мыңға жуық даусыз іс бар. Әсіресе, шартты түрде мерзімінен босату, санкциялар және ел аумағынан шығып кету істері негізінен судьялардың егжей-тегжейлі қарауын талап етпейді. Мұны автоматтандырылған бағдарлама көмегімен жүзеге асыруға болады. Яғни, робот сот шешімі жобасын дайындайды. Судья тексеріп, тек қолын қояды», – деді спикер Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Егер техникалық қателер кетсе, судьяның қайта қарап шығу мүмкіндігі бар.

Серіктес жаңалықтары