$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

"Ақшаның барлығын букмекерлік кеңседе бәс тігіп, ұтылып қалған": Сарбаздарға несие рәсімдеткен командир сотталды

Бұдан бөлек, ол 17 сарбаздың банк карталарын тартып алып, бірнеше рет жалақыларын шешіп алған

"Ақшаның барлығын букмекерлік кеңседе бәс тігіп, ұтылып қалған": Сарбаздарға несие рәсімдеткен командир сотталды
Фото ашық дереккөзден

Семей гарнизоны әскери сотында әскер қатарына шақырылғандарға несие рәсімдеткен Аягөздегі бөлімнің рота командиріне қатысты сот ісі қаралды. Бұл туралы ҚР ІІМ Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы хабарлады.

Басқарма мәліметіне сүйенсек, айыпталушы ұзақ уақыт бойы өзінің лауазымын асыра пайдаланып, сарбаздардың атына несие алып келген.

«Тергеу барысында белгілі болғандай, рота командирі Kaspi bank мобильді қосымшасы және шағын несие ұйымдары арқылы әскерге шақырылғандарға 2 миллион теңгеден астам сомаға 6 несие ресімдеткен. Бұдан бөлек, ол 17 сарбаздың банк карталарын тартып алып, бірнеше рет жалақыларын шешіп алған. Офицер сол ақшаның барлығын букмекерлік кеңседе бәс тігіп, ұтылып қалған», - делінген хабарламада.

Семей гарнизоны әскери сотының үкімімен айыпталушы 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.


 

 

Серіктес жаңалықтары