Қазақстанға алдағы аптада Pfizer вакцинасы жеткізіледі

Azattyq Rýhy

Препараттың 4 миллион дозасы әкелінеді

Фото ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі америкалық Pfizer компаниясы мен германиялық BioNTech технологиялық компаниясы өндіретін Cominarty коронавирустық инфекциясына қарсы мРНҚ-вакцинасын Қазақстанға жеткізудің нақты мерзімдерін атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Осы жылдың 8-14 қараша аралығында Pfizer вакциналарын жеткізу күтіліп отыр», – деді ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Үкімет отырысынан кейін журналистерге берген жауабында.

Қазақстанға 2 миллион адамды вакцинациялауға арналған препараттың 4 миллион дозасы әкелінеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов Cominarty вакцинасымен мРНҚ вакцинациясы бойынша ұсыныстарды бекіткен болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.