04.11.2021, 13:21
Жаңалықтар
Алексей Цой қысқа мерзімді демалысқа кетті
Үкімет отырысына бірінші вице-министрі Марат Шоранов қатысты
Фото ашық дереккөзден
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой Үкімет отырысына неліктен қатыспағанын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алексей Владимирович демалыста. Оның келесі дүйсенбіге дейін бір апталық қысқа мерзімді демалысы бар», – деді Марат Шоранов.
Айта кетейік, 4 қарашада Үкімет отырысында Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы Алексей Цойдың бірінші орынбасары Марат Шоранов есеп берді.
Вице-министр Үкімет отырысынан кейінгі БАҚ өкілдеріне берген жауабында 8-14 қараша аралығында Қазақстанға Pfizer вакциналарын жеткізу күтіліп отырғанын мәлім еткен болатын.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды