03.11.2021, 20:30
Жаңалықтар
Елімізде кинотеатр билетінің бағасы 13 пайызға қымбаттады
Ең қымбат баға Шымкент қаласында тіркелген
Фото ашық дереккөзден
Елімізде кинотеатр билетінің бағасы өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға қымбаттап, қыркүйек айында 1600 теңгеге жетті, деп хабарлайды Еnergyprom.kz сайты.
Қазақстан қалалары арасында ең қымбат кино билеттері Шымкент шаһарында тіркеліп отыр. Мұнда кинотеатрға кіру құны – 2600 теңге. Ал ең арзан баға Семей қаласында – 1100 теңге.
Ақтөбе, Қызылорда, Атырау өңірлерінде де кинотеатр билетінің бағасы өскен. Ал Ақмола, Алматы, Маңғыстау, Түркістан облыстарында баға былтырғы деңгейде сақталып тұр.
Айта кетейік, үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында кино, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламалар өндірісі бойынша қызметтер көлемі 21,2 млрд теңгеге жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,6% көп.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 16:58
«Қуанып отыр»: Олжас Абай анасының Бадықованы келін ретінде қалай қабылдағанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды