$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда автосалондар бос тұр

Тұтынушылар көлікке алдын ала тапсырыс беріп, айлап күтуде

Қазақстанда автосалондар бос тұр
Фото ашық дереккөзден

Еліміздегі автосалондарда көлік қалмаған. Жаңа көлікке деген сұраныс жоғары болғандықтан, баға да шарықтап барады, деп хабарлайды Астана арнасы.

Ресми деректер бойынша, темір тұлпарға деген сұраныс 30 пайызға артқан. Ал тұтынушылар көлік алу үшін алдын ала кезекке тұрып, айлап күтіп жүр.

Сарапшылардың дерегінше, біздің елде ғана емес, әлем бойынша автоиндустрия құлдыраған. Бұған жер шарындағы пандемия әсер етті дейді. Өндіруші компаниялар, сұранысқа сай тек ИВЛ аппараттар мен гаджеттерге басымдық берген. Сол себепті, автотранспорттардың микрочиптерін өндіру жұмысы кідірген.

Дегенмен биыл жылдағыға қарағанда отандық өнім 25 пайызға артық көлік құрастырған. 9 айдың қорытындысы бойынша, 89 мыңнан аса темір тұлпар иесін тапқан. Соған қарамастан кезекке тұрып, көлігін күткен азаматтар қатары күн сайын көбейіп келе жатыр, -дейді мамандар. Бұл өз кезегінде көлік бағасына әсер етуде.

Ал, біздегі кейбір автосалондар тіпті тапсырыс қабылдауды уақытша доғарыпты. Биыл жеңіл көліктердің құны артқан. Сарапшылар баға әлі де өседі деп отыр.  

«Автокөліктердің құны қазір 22 пайызға өскен. Ең үлкен сұраныс 5-6 млн теңге көлеміндегі автомашиналар. 10-12 млн тұратын көліктерге де сұраныс аз емес»,- дейді «Қазавтоөнеркәсіп» стратегиялық жоспарлау директоры Артур Мискарян.

Мамандар келесі жылы жағдай тұрақталып қалар деп үміттенеді. Бүгінде дүниежүзі бойынша 9 млн-ға жуық автомашинаны қожайыны асыға күтіп жүр екен.  

Серіктес жаңалықтары