Amazon Starlink бәсекелесінің іске қосылу мерзімін атады

Azattyq Rýhy

Amazon: алғашқы Kuiper спутниктері 2022 жылдың төртінші тоқсанында іске қосылады

Amazon Starlink бәсекелесінің іске қосылу мерзімін атады
Фото ашық дереккөзден

Amazon компаниясы Starlink бәсекелесі болатын Kuiper ғаламдық Интернет жүйесі ғарыш аппараттарының алғашқы прототиптері қашан іске қосылатынын айтты. АҚШ федералды байланыс комиссиясының мәлімдемесіне сүйенсек, KuiperSat-1 және KuiperSat-2 жерсеріктері келесі жылдың төртінші тоқсанында іске қосылуы керек.

Amazon KuiperSat-1 және KuiperSat-2 спутниктің соңғы жобасында қолданылатын технологияларды тексеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Kuiper-дің алғашқы сериялық жерсеріктері 2024 жылдың басында дайын болуы мүмкін, бұл 2025 жылы желіге кіру қызметін бастауға мүмкіндік береді. Айта кетейік, федералды байланыс комиссиясы Amazon-ға 3236 ғарыш аппаратын ұшыруды мақұлдаған.

Естеріңізде болса, қыркүйек айында Bloomberg «Amazon компаниясының еншілес компаниясы Kuiper Systems SpaceX компаниясын жалпы ережелерді бұзды деп айыптады» деп жазған болатын. Джеффри Безос басқаратын компаниялар Илон Масктың компаниясы "ережелер басқа адамдарға арналған" деген ұстанымды ұстанады деп мәлімдеді.

 

 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.