Ұшақта отырып видео көрген американдық бес жылға бас бостандығынан айырылды
Ол балалар порнографиясын көріп отырған
Американдық азамат ұшақ бортында отырып балалар порнографиясын көргені үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Daily Mail жазады.
Негізінен, аталмыш оқиға 2020 жылдың қыркүйек айындаорын алған. Бірақ іс бойынша сот үкімі енді ғана шықты.
Иллинойс штатының 70 жастағы тұрғыны Дональд Макс Инграм ұшақпен Флорида штатының Сент-Пит-Клируотерге ұшып бара жатқан. Ұшу кезінде ер адам ұялы телефонындағы бейнежазбаны көруді бастаған. Ал мұны байқаған өзге жолаушы полицияға хабар берген.
Азаматты ұшақтан түскеннен кейін құқық қорғау органдарының өкілдері ұстады. Американдықтан тәркіленген ұялы телефоннан кәмелетке толмағандардың 59 заңсыз бейнежазбасы табылды. Тампа қаласының соты ер адамды балалар порнографиясын сақтағаны және қарағаны үшін кінәлі деп тауып, бес жылға бас бостандығынан айырды.