25.10.2021, 21:49
Жаңалықтар
Тоқаев Түрікменстанның Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды
Тәуелсіздік монументі түрікменнің дәстүрлі киіз үйі бейнесінде салынған
Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадқа мемлекеттік сапарының соңында Түрікменстанның Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тәуелсіздік монументі түрікменнің дәстүрлі киіз үйі бейнесінде салынған. Монументтің айналасында Түрікменстан билеушілері мен әскери жетекшілерінің, ойшылдары мен өнер қайраткерлерінің мүсіндері қойылған.
Қазақстан Президенті дәстүр бойынша Түрікменстанның жүргізіп отырған бейбітшілік, достық және тату көршілік саясатын білдіретін құрметті қонақтар аллеясына тал екті.


Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
