25.10.2021, 16:08
Жаңалықтар
Түркістанда 22 жастағы келіншек дүниеге үшем әкелді
Өмірге Фотима, Зухра, Хадиса есімді үш қыз келді
Түркістан облысының № 2 Облыстық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
22 жастағы Гулмира Мирзаева үш қыз босанды. Жаңа туған нәрестелерге Фотима, Зухра, Хадиса есімдері берілді.
Нәрестелердің салмағы 2200 гр, 2310гр, 1980 гр болған. Мерзімінен ерте туылған үшемдер периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Дәрігерлердің айтуынша, балалардың жағдайы тұрақты, үшемдер перзентханадан шығуға әзір.
Айта кетсек, үшем дүниеге келген отбасының ұлы мен қызы бар. Көпбалалы ана - үй шаруасында отырған әйел. Ал, отағасы жеке кәсіпкер. Бұған дейін 2 баласы бар отбасының перзенттері осылайша бес балаға көбейді.
Көп оқылған
25.11.2026, 07:39
Елордада жел 28 м/с-қа дейін күшейеді: үш күнде ауа райы қалай өзгереді
25.11.2026, 15:22
«Хейттің тоқтайтын түрі жоқ»: Астанадағы самса цехының басшысы кінәсін мойындап, кешірім сұрады
26.11.2026, 11:04
«Жейдесінің сау тамтығы қалмаған»: Атырауда әйелін 28 жерінен пышақтаған ер адамның сотында сұмдық айғақтар жария болды
26.11.2026, 09:05
Бүгін түнде Алматыда бес адам, соның ішінде бір бала тірідей жанып кетті
