ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 820 адам коронавирус жұқтырған

Тышқан жылын қандай киіммен қарсы алған жөн

Стилист 2020 жыл тышқан жылы екенін атап өтіп, ашық түсті киімдерден бас тартпау қажеттігін айтты

Қазақстандық стилист Жанна Ахметова әйелдерге Жаңа жылды қандай киіммен қарсы алу керек екені жөнінде кеңес берді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Стилист 2020 жыл тышқан жылы екенін атап өтіп, ашық түсті киімдерден бас тартпау қажеттігін айтты.

«Мен Жаңа жылда күнделікті өмірде кимейтін, ашық киімдерді киюге кеңес беремін. Киім зерлі жіптен тоқылған жібек матадан болуы керек. Сондай-ақ моншақ, жылтырақ, күміс, пайетка, бисер болғаны жөн. Күнделікті өмірде киюге батылыңыз жетпейтін киімді Жаңа жылда киіңіз», - дейді Жанна Ахметова.

Сондай-ақ, ол қазіргі таңда сән көрсетілімдерінде шалбар, жейде, иығы кең жакет жиі көрсетілетін тілге тиек етті. Маманның айтуынша, мұны әйелдер жиі киеді. Осы орайда ол нәзік жандылар үшін қандай көйлектер тігілетініне тоқталды.

«Кең иықты киімдерден кербез арулардың қыпша белін де көруге болады. Құдайға шүкір, сондықтан біз қазіргі таңда барлық көйлек арқылы арудың құмырсқадай қиылған қыпша белін көрсетуге тырысамыз. Нәзік жандылардың көңілінен шығатын киім үлгілері, мидидің ұзындығы, белдің нақты белгіленуі – бұл трендтің басты талаптары», - дейді стилист.

Сонымен қатар стилист ерлер мен әйелдер қалай киіну қажет деген мәселеге қатысты жеке пікірін білдірді.

«Мен әрқашан көйлек киюге кеңес беремін. Қыздар көйлек, ұлдар шалбар киюі керек. Гендерлік әртүрлілікті қалаймын. Менің ойымша, солай әдемі көрінетін сияқты. Сондай-ақ мен смокингтерді қатты жақсы көремін. Егер әдемі көйлегіңіз болмаса, дене бітіміңіз оны киюге мүмкіндік бермесе, сізді әдемі жағынан көрсететін киімді таңдаңыз», - дейді Жанна Ахметова.

Сөз соңында маман егер әйел өзі таңдаған киімде өзін өте жақсы сезінсе, бұл киім үлгісі сәнді болатынын атап өтті.