КВИ таралуы бойынша тағы бір өңір «жасыл» аймаққа өтті
Өткен тәулікте республикада 1732 адам COVID-19 вирусын жұқтырған
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 23 қазанда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Атырау облысы «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атап айтқанда, «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары;
«Сары» аймақта: Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары;
«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары тұр.
Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 1732 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 926 534 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте тағы 34 адам көз жұмды.