$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.10.2021, 09:54
Жаңалықтар

Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 34 науқас көз жұмды

Еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырған 631 адам ауыр жағдайда жатыр

Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 34 науқас көз жұмды
Фото: bbc.com

Денсаулық сақтау министрлігі 23 қазандағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 28 адам қайтыс болды.

23 қазандағы мәлімет бойынша, 50 869 адам коронавирус инфекциясынан (–44 687 + және 6 182 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 750 пациент стационарда, 42 119 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 631 адамның жағдайы ауыр,

- 162 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 107 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 21 қазандағы мәлімет бойынша 136 жаңа жағдай тіркелді, 202 адам жазылып шыққан, 6 адам көз жұмған.

Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:

- науқастар саны – 78 596; 

- өлім жағдайы – 4998;

- барлығы 67 416 адам сауығып шықты.

Серіктес жаңалықтары