Шымкент тұрғыны контрафактілік темекі сатқаны үшін сотталды
Департамент қызметкерлері 15 000 қорап темекі өнімдерін тәркіледі

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті қала аумағында темекі өнімдерін сату бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызмет дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгілі болғандай, тиісті акциздік маркалары жоқ және лицензиясыз «Senator», «Мальмо» және «Корона» маркалы темекі сатқан Шымкент қаласының тұрғыны Е.Ағманов ұсталды. Департамент қызметкерлері 15 000 қорап темекі өнімдерін тәркіледі. Ұсталған азамат 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.
«Жыл сайын контрабанда мен контрафакт айналымы мемлекетке елеулі материалдық залал келтіреді. Темекі өнімдері және құрамында темекі бар өзге де өнімдер акцизделетін тауарлар болып саналады және міндетті түрде таңбалауға жатады. Егер темекінің таңбасы болмаса, онда өнім контрафактілік болып саналады», ˗ делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.