«Шок алып, ел алдына шыға алмадым» – Bek Air басшысы кешірім сұрады (ТІКЕЛЕЙ ЭФИР)
Bek Air әуе компаниясының басшылығы үш күннен бері халық алдына шықпау себебін түсіндірді
Алматыда болған ұшақ апатынан соң үш күн өткеннен кейін компания басшылығы БАҚ өкілдерін жинап, брифинг өткізді. Компанияның басқарма төрағасы Нұрлан Жұмасұлтанов халықтан кешірім сұрады.
«Мен бұрын компанияны басқардым, енді қайта келуге мәжбүр болып тұрмын. Алғашқы күндері шокта болдық, сондықтан екі күн эфирге шықпадық. Апат орнында болдық, адамдарға көмектестік», - деді ол.
Bek Air әуе компаниясының бас директоры Әнуар Тілеубеков те компания өкілдерінің халық алдына шықпау себебін түсіндіріп бақты.
«Біз шокта болдық. Ұшақ апаты күнде бола бермейді. Осы күндердің бәрінде біз ақпарат жинаумен, апат себептерін анықтаумен айналыстық. Қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтып, кешірім сұраймыз», - деді.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан