Шымкент мұнай өңдеу зауыты дизель отынын өндіру көлемін арттырды
Тәулігіне 5 200 тонна өндіріледі
Республиканың ішкі нарығында дизель отыны тапшылығы туындаған жағдайды ескере отырып, «ПКОП» ЖШС Энергетика министрлігінен және «ҚазМұнайГаз» ҰК-дан нарықты тұрақтандыруды қамтамасыз ету үшін қазан айында мұнай өңдеу көлемін ұлғайту жөнінде тапсырма алды. Осылайша мұнай өңдеу көлемі 478 мың тоннадан 512 мың тоннаға дейін артпақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
«Бұл ретте 161 мың тонна дизель отынын өндіру қамтамасыз етіледі, жоспар бойынша - 149 мың тонна, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30 мың тоннаға артық, дизель отынының тәулік өндірісі 5 200 тоннаны құрайды», - деп хабарлайды «ПКОП» ЖШС баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, 6 қазаннан бастап «ПетроҚазақстан ойл Продактс» (ШМӨЗ) ЖШС Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келетін ДТ-Е-К4 маркалы маусымаралық дизель отынын өндіруге көшеді.