СҚО-дағы құс тұмауының қайдан келгені анықталды
Лебьяже ауылында жойылған құстың иелеріне өтемақы толық көлемде төленеді
9-16 қыркүйек аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев, Тайынша, Жамбыл, Қызылжар, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев аудандарында әртүрлі үй құсының өлімі тіркелді.
Құс тұмауының қайдан келгені туралы СҚО ветеринария басқармасының бөлім басшысы Қайырлы Қазанов түсіндіреді:
«21-26 қыркүйек аралығында М. Жұмабаев ауданына қарасты Лебяжье ауылында 1003 бас үй құсынан құс тұмауы табылды. Оның 582-і үйрек. Өлген құстардың бәрі өртеліп жойылды. Ветеренарлық қызмет эпизоотиялық жағдайды зерттеп, материалдар зертханаға жіберілді. Сонымен қатар, су айдынына мониторинг жүргізілді, ауруды жою ауқымы анықталды. Негізінен ауру жұқтырған құстар 2-3 жас шамасында. Бұл ауру жабайы құстардан жұққаны анықталды. Белгілі болғандай, Лебяжье ауылында жақын маңайда су қоймасы бар. Онда аққу, үйрек сынды жабайы құстар мекендейді», - деді Қайырлы Қазанов.
Бұған дейін «Ауыл шаруашылығы министрлігі барлық алынған және жойылған құстың иелеріне өтемақы толық көлемде төленетін болады» деп мәлімдеме жасады. Облыстың баспасөз қызметі әзірге өтемақы көлемі белгісіз екенін, алдағы күндері аталған мәселеге қатысты қаулы қабылданатынын айтты.
Алдымен стаститикалық мәлімет анықталып, сосын әр құстың бағасы белгілі болады.