29.09.2021, 10:48
Жаңалықтар
Ішкі істер министрінің орынбасары тағайындалды
Руслан Жақсылықов Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымын қатар атқарады
Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды. Ол бұған дейін ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы лауазымынан атқарып келді.
Руслан Жақсылықов 1966 жылы Алматы облысы Қаскелең қаласында дүниеге келген.
1987 жылы Қорғаныс министрлiгiнiң И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскерлiк командалық училищесiн тәмамдаған. 1996 жылы М.В.Фрунзе атындағы әскери академияны бітірген.
2006 жылдан бері Ішкі істер органында бірқатар лауазымды қызметтер атқарған. 2014 жылдан бері Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы болды.
Көп оқылған
31.03.2026, 10:25
«Бәріміз үшін осы дұрыс»: Жұлдыз Сүлейменова 1-сыныпқа баратын оқушыларға қатысты маңызды шешім қабылдады
31.03.2026, 07:20
Шымкентте дәріхана жанындағы кабинеттерде 4 адам қайтыс болды
31.03.2026, 14:58
Тәттіге құмар: Өскеменде ер адам дүкеннен 80 қорап «Merci» шоколадын ұрлаған (ВИДЕО)
31.03.2026, 12:16
Қазақ ғалымы ойлап тапқан ракқа қарсы дәрінің бағасы қанша болады – министр жауап берді