$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.09.2021, 11:30
Жаңалықтар

Өзбекстанда жасы 12-ден асқан балаларға Pfizer вакцинасын салуға рұқсат етілді

Өзбекстанға Pfizer вакцинасының 1,2 миллион дозасы жеткізілді

Өзбекстанда жасы 12-ден асқан балаларға Pfizer вакцинасын салуға рұқсат етілді
көрнекі фото: gazeta.uz

Өзбекстанда жасы 12-ден асқан балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салуға рұқсат етілді. Бұл туралы Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

12-15 жас аралындағы балаларға өткізілген Pfizer вакцинасының клиникалық сынамалары жақсы нәтиже көрсетті. Мұндай кеңесті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да беріп отыр.

Өзбекстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері мен Ұлттық техникалық иммунологиялық сараптама келісіміне сәйкес, ата-аналары немесе қараушылары рұқсат еткен жағдайда жасы 12-ден асқан балалар Pfizer вакцинасын ерікті түрде салдыруға рұқсат етілді.

Айта кетейік, Өзбекстанда 1 сәуірден бастап коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға рұқсат етілді. Қыркүйекте Өзбекстанға Pfizer вакцинасының 1,2 миллион дозасы жеткізілді. Pfizer вакцинасы бұл елде пайдалануға рұқсат етілген бесінші екпе болып тіркелді: AstraZeneca, ZF-UZ-VAC2001, Спутник V, Moderna және Pfizer.

Жыл соңына қарай Pfizer вакцинасы Қазақстанға да жеткізіледі. Бастапқыда бұл вакцина жүкті әйелдер мен балалар үшін ғана қолжетімді болады.

Серіктес жаңалықтары