$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.09.2021, 12:33
Жаңалықтар

Forbes тізіміндегі кәсіпкер Анатолий Балушкинге қатысты жарияланған іздеудің тоқтатылғаны рас па

Бас прокуратура түсініктеме берді

Forbes тізіміндегі кәсіпкер Анатолий Балушкинге қатысты жарияланған іздеудің тоқтатылғаны рас па
Анатолий Балушкин, фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның Бас прокуратурасы Ресейде іздеу жарияланған кәсіпкер - «Азия Авто» АҚ компаниялар тобының бас акционері және директорлар кеңесінің төрағасы Анатолий Балушкинге қатысты іздеудің тоқтатылғаны жайлы ақпаратқа түсініктеме берді.

«Бас прокуратурада кәсіпкерді Ресей Федерациясы аумағында іздестірудің тоқтатылғаны туралы ақпарат жоқ. Қазір күдіктінің азаматтығы өзгеруіне байланысты мән-жайларды тергеу органы тексеріп жатыр», - деп хабарланды ведомстводан.

Тергеуді ҚР Қаржы мониторингі агенттігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінен құралған ведомствоаралық топ жүргізіп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қаржыны жымқырды деген күдікпен «Азия Авто» АҚ компаниялар тобының басшыларына қатысты жүргізілді.

«2021 жыл 28 шілдеде А.М. Балушкиннің («Азия Авто» АҚ компаниялар тобының бас акционері және директорлар кеңесінің төрағасы) іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша сараланды, оған қатысты сот сырттай күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. 2021 жылдың 12 тамызында халықаралық іздеу жарияланды», - деп толықтырды Бас прокуратура.

Еске сала кетейік, 12 тамызда ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Анатолий Балушкинге қатысты бұлтартпау шарасын санкциялап (сырттай), оған іздеу жарияланғанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары