$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.09.2021, 23:22
Жаңалықтар

Біртановқа қатысты қылмыстық іс мәліметтері тек прокурордың рұқсатымен жарияланады – ҚМА

Агенттік қылмыстық істің егжей-тегжейлігі бойынша комментарийлер берілмейтінін хабарлады

Біртановқа қатысты қылмыстық іс мәліметтері тек прокурордың рұқсатымен жарияланады – ҚМА
Фото: ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігі бұрынғы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты қылмыстық іс бойынша түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Агенттікке бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты қылмыстық іс бойынша бұқаралық ақпарат құралдарынан келіп түскен сұрауларға байланысты, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайтынын хабарлаймыз. Мәліметтер тек прокурордың рұқсатымен ғана жария етілуі мүмкін», - делінген Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан ақпаратта.

Айта кету керек, тергеу деректерін ашуға жол бермеу туралы талаптар тек тергеу органдарына ғана емес, сонымен бірге қорғау тарапына да қатысты.

Сондықтан, әділдік мақсатында Агенттік қылмыстық істің егжей-тегжейлігі бойынша комментарийлер берілмейтінін хабарлады.

«Конституцияның 77-бабының 3-бөлігіне сәйкес іс фигуранттарының кінәлілігін немесе кінәлі еместігін сот қана айқындай алады», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, шілде айында Агенттік бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов пен оның орынбасары О. Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Біртанов пен Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің Ақпараттандырудың жұмыс істемейтірн платформасын қабылдау және пайдалануға беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдіктелуде.

Платформа денсаулық сақтау жүйесіндегі мәселелерді жедел шешу үшін науқастар, дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар туралы барлық ақпаратты біріктіруі тиіс еді.

«Платформа ешқашан жұмыс істемеген және оны медициналық мекемелер пайдаланбайды, бұл жиналған дәлелдермен расталады.

Орындалмаған жұмыстардың құны 4,1 млн АҚШ долларын немесе 1,5 млрд теңгені құрайды», – деді Қаржылық мониторинг агенттігі.

Сонымен бірге, Біртанов санитарлық авиацияның әуе кемесін 2020 жылдың маусым айында жеке мақсатта пайдалану кезінде өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдіктелуде.

7 шілдеде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы жарияланды.

Осы уақытқа дейін Біртанов тарапы қылмыстық іс материалдарымен танысып келеді.

Соттың үй қамақта болу мерзімі ағымдағы жылдың 14 қарашасына дейін ұзартылды.

Оқи отырыңыз: Елжан Біртановтың адвокаттары қажет болса халықаралық сотқа жүгінетінін мәлімдеді

Танысу нәтижелері бойынша прокурор айыпталушыларды сотқа беру туралы мәселесін қарастырмақ.

Серіктес жаңалықтары