03.11.2020, 11:57
Жаңалықтар
Біртанов бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынды
Оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды
Фото: ашық дереккөзден
Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Е.А. Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.
«Е.А. Біртановқа қатысты сотпен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды», - делінген ақпаратта.
Еске сала кетейік, 5 тамызда бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің де екі айға қамауға алынғаны хабарланды.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 10:22
Бизнесмендер футболға бет бұрды: биыл Қазақстанда қандай командалар жекеменшікке өтті
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды