Қазақстанда әлеуметтік желілер қалай шектеледі
Жаңа заң жобасы бірінші кезекте балалар мен кәмелетке толмағандарды буллинг пен кибербуллингтен қорғауға бағытталған
Цифрлық даму министрлігі Қазақстанда өкілдік ашудан бас тартатын шетелдік әлеуметтік желілердің жұмысына шектеу қалай қойылатынын түсіндіріп берді, деп хабарлайды LS.
Ведомствоның хабарлауынша, заң жобасы қабылданғаннан кейін шетелдіктердің өкілдікті тіркеуіне алты ай уақыт беріледі.
«Олар бас тартқан жағдайда тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізуді шектеу, ҚР Заңдарымен таратуға тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектелген ақпаратты орналастыратын интернет-ресурстарға қол жеткізуді тоқтату және қайта жаңарту қағидаларына сәйкес шектеу шаралары қабылдануы мүмкін», – деп хабарлады министрлікте.
Министрлік қазіргі уақытта шетелдік компаниялардың басшылығымен Қазақстан аумағында өкілдік ашу туралы келіссөздерге дайындалып жатқанын атап өтті.
«ВКонтакте», «Одноклассники», Mail.ru, Livejournal, сол сияқты Facebook, Instagram, Telegram мессенджері өкілдерімен байланыс орнатылды.
«Интернет-компаниялар өкілдері халықаралық құқық пен ҚР заңнамасының талаптарын бұзатын құқыққа қарсы контентті жою мәселелеріндегі ынтымақтастық туралы ұсынысқа түсіністікпен қарайды. Олар терроризм, экстремизм, суицид, порнографияны насихаттайтын, есірткі заттарын онлайн-сатумен айналысатын және т.б. материалдарды алып тастайды», - дейді министрлік.
Министрлік заң жобасы бірінші кезекте балалар мен кәмелетке толмағандарды буллинг пен кибербуллингтен қорғауға бағытталғанын тағы да атап өтті.