ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.09.2021, 12:43
Жаңалықтар

КВИ таралуы бойынша екі облыс «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті

Өткен тәулікте елімізде 2324 адамнан коронавирус анықталды

КВИ таралуы бойынша екі облыс «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті
Фото: bbc.com

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 25 қыркүйектежариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қостанай және Ақтөбе облыстары «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.    

Атап айтқанда:

- «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола,Қарағанды, Павлодар облыстары;

- «Сары» аймақта : Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары;

- «Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары тұр.

Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 2324 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 874 920 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 54 адам көз жұмды.   

Серіктес жаңалықтары