Коронавирус пен пневмониядан өткен тәулікте 54 науқас көз жұмды
Коронавирус жұқтырған 895 адам ауыр жағдайда жатыр

Денсаулық сақтау министрлігі 25 қыркүйектегі коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 46 адам қайтыс болды.
25 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 64 475 адам коронавирус инфекциясынан (–55 621 + және 8 854 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 11 146 пациент стационарда, 53 329 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 895 адамның жағдайы ауыр,
- 230 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 138 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 23 қыркүйектегі мәлімет бойынша 200 жаңа жағдай тіркелді, 139 адам емделіп шыққан, 8 адам көз жұмған.
Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:
- науқастар саны – 75086;
- өлім жағдайы – 4784;
- барлығы 61 448 адам сауығып шықты.