$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.09.2021, 15:01
Жаңалықтар

Семейде тұрғын үй кешені құрылысына қатысты дау туды

Тұрғындар құрылыс жұмыстары көрші тұрған жер үйлерге кері әсерін тигізіп жатыр деп наразылық білдіруде

Семейде Аймауытов көшесі 125-үйдің тұрғындары қарсы бетте тұрғызылып жатқан көпқабатты үйдің құрылысына наразылық білдіруде, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қазіргі уақытта құрылыс жүріп жатқан орында бұрындары жер үйлер болған. Құрылыс иелері ескі үйлерді сатып алып, олардың орнына жаңа тұрғын үй кешенін тұрғызуда. Алайда, тұрғындардың айтуларына қарағанда, құрылыс олардың үй жағдайына кері әсерлерін тигізуде.

«Құрылыс басталғанда үйге су кірді. Үйдегі түсқағаздар, қабырға сылақтары құлап, электр желілерінде ақаулар пайда болды. Біз әлі күнге дейін пешке от жаға алмаймыз. Құрылыс иелері құрылысты бастамас бұрын ең алдымен көршілердің пікірімен санасулары керек қой. Көршілерімен келісуі керек екені көрсетілген құрылыс ережесі, талаптары бар. Бес қабатты тұрғын үй бой көтергенде, барлық үйлер пеш жағады. Олардың барлығы көмірмен жағылады. Моржалардан газдар шығады. Көпқабатты үйдің тұрғындар шағымданатын болады, сол кезде олардың әрекеті дұрыс боп есептеледі», – деді тұрғындардың бірі Төлебек Әміров.

Өз кезегінде құрылысшылар, барлық жұмыстар заң шеңберінде орындалып жатқанын айтуда.

«Құрылыс орнында бұрын тозығы жеткен, өте нашар жағдайдағы ескі үйлер болған. Оларды жоғары бағамен сатып алдық. Барлығы қала жоспары шеңберінде жүргізілуде. Қажетті құжаттардың барлығы бар. Үй тұрғындарының бастамасымен тексеру жүргізілуде, міне бір жылға жуық созылуда және ешқандай кемшіліктер анықталмады. Барлығы заңды, дұрыс. Бұл жерде, тұрғындар үйлерін нарық құнынан жоғары бағаға сатқылары келеді. Біз оларды тек нарық бағасымен ғана ала аламыз. Қоғамдық тыңдау болды. Шағымдардың көбі негізсіз. Бұл жерде тұрғын үй кешені тұрғызылады. Көгалдандыру жұмыстары қарастырылған», – деп түсіндірді «Өкен» ЖШС құрылыс-компаниясының заңгері Нұрлан Нұрғалиев.

Жер үй тұрғындары мәселені шешу үшін және тәуелсіз сараптамалар жүргізу үшін қалалық әкімдікке жүгінді. Семей қаласы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың айтуынша, барлық сұрақтар сараптама қорытындысы шыққанда ғана шешіледі.

«Біз жер қатынастары және архитектура бөлімінің мамандарын шақырдық. Кездесуге техникалық бақылау өкілі қатысты және хабарлама түбіртегі алынғанын растады, ЖСҚ бар, техникалық және авторлық бақылау бар. Мәселе мында, қарсы орналасқан үйлердің тұрғындары, құрылыс көрші үйлердің жағдайына кері әсерін тигізуде деп шағымдануында. Көктемде, шұңқыр қазған кезде, қоршауларында жарықтар пайда болды, жер асты суының деңгейі көтерілді. Соның салдарынан, үй төбесіндегі гипсокартон қоспаларында жарықтар пайда болған. Біз мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау басқармасының өкілдерін шақырдық. Үй өкілдері мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау басқармасына өтініш жазады. Тексерісті бастау сұрағы заң шеңберінде қарастырылады. Тұрғындар тәуелсіз сараптама жүргізуді сұрайды. Басқарма ішінде өз зертханасы бар, ол сараптаманы жүргізіп, құрылыс көрші үйлерге зиян келтіріп жатыр ма соны анықтайды», – деді Димитрий Гариков.

Ал құрылыстың зияны расталған жағдайда, үй иелері сараптама негізінде сотқа жүгіне алады.

Серіктес жаңалықтары