$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.09.2021, 23:05
Жаңалықтар

Онлайнда танысының құжатымен 12 несие рәсімдеген әйел сотталды

Ол бар кінәсін мойындады

Онлайнда танысының құжатымен 12 несие рәсімдеген әйел сотталды
фото ашық дереккөзден

Ақтөбе қалалық сотында танысының құжаты арқылы онлайнда 12 несиені рәсімдеген сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

№2 Ақтөбе қалалық сотында 31 жастағы Айсұлу Ордақұловаға қатысты қылмыстық іс қаралды. Оған Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша айып тағылды. А.Ордақұлова «коммуналдық қызмет төлемін жасаймын» деген сылтаумен танысының жеке куәлігі мен екінші деңгейлі банк картасын иемденген. Кейін құжаттарды онлайн несие рәсімдеуге пайдаланған.

2017 жылдың қараша-желтоқсан айларында 12 несие рәсімдеген. Сотталушы Айсұлу Ордақұлова сотта бар кінәсін мойындап, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағанын айтты.

«Мемлекеттік айыптаушы соттан А.Ордақұловаға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сот қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды, кінәлінің жеке басын ескере отырып, А.Ордақұлованы 3 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ»,- деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.


 

 

 

Серіктес жаңалықтары