ШұғылКоронавирусты жұқтыру қарқынында өсім байқалды

Қызылорда облысында 19 күнде 107 оқушы коронавирус жұқтырды

Қызылорда облысында 1 мыңнан астам адам өзін-өзі оқшаулау режимін бұзған

фото ашық дереккөзден

Қызылорда облысында жаңа оқу жылының алғашқы 19 күнінде 107 оқушы коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Жаңа оқу жылының алғашқы 19 күнінде 107 бала коронавирус жұқтырды.

«Өңірдегі 98 мектептің 107 оқушысы коронавирус инфекциясын жұқтырды. Басым бөлігі қала мектептерінде анықталды.107 сынып 14 күнге карантинге жіберілді. Сондай-ақ дәстүрлі форматта оқу процесін бастаған мектеп мұғалімдері арасында КВИ-дің 17 дерегі есепке алынды. Байланыста болғандар шеңбері анықталып, эпидемияға қарсы барлық шаралар орындалды», - дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Динара Жаңабергенова.

Облыста бүгінгі дейін коронавирус инфекциясының 17 403 жағдайы тіркелді.