$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.12.2019, 12:05
Жаңалықтар

Елбасы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты

Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президентінің ресми сайты хабарлады

Елбасы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты
Фото: elbasy.kz

Бүгін Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша жолға шыққан Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Бортта бас-аяғы 93 жолаушы болған. Соңғы деректер бойынша қаза тапқандардың қатары 15 адамға жеткен. Алматы қаласы маңында болған қайғылы жағдайға қатысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көңіл айтты.

«Алматы әуежайынан ұшып шыққан «Bek Air» әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы хабарды күйзеліспен қабылдадым. Қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін», - делінген жеделхатта.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды, шұғыл желі іске қосылды.

Серіктес жаңалықтары