18.09.2021, 15:33
Жаңалықтар
Ақтау іргесінде өрт болды
Оқыс оқиға Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен сағат 04.55-те болған
фото ашық дереккөзден алынды
Ақтау іргесіндегі қою қара түтін тұрғындарды алаңдатты, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Бүгін таңертең Ақтау қаласының маңындағы №4 Өнеркәсіптік аймақтың №20 учаскесінде болған. Өрт сөндірушілер ашық аумақта автокөлік шиналарының жанып жатқанын анықтады. Өрттің аумағы – 200 шаршы метр. Өртті сөндіруге үш техника мен жеке құрамнан 13 адам жұмылдырылды.
Бұған дейін Боранқұл кен орнындағы жатақханадан шыққан өрттен екі адам қаза тапты.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды