18.09.2021, 14:53
Жаңалықтар
Атырау облысында су айдындарына 28 адам суға батып кеткен
Басқарма басшысы Бақыт Аблановтың мәліметінше, су айдындарында қауіпті 70 учаске бар
фото ашық дереккөзден алынды
Атырау облысында су айдындарына 28 адам батып кетті, деп хабарлайды Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасы.
«Су айдындарынан балық аулауға барушылар, жағалауда демалушылар арасында суға кету деректері азаймай отыр. Өйткені, тұрғындар арнайы жабдықталмаған орындарда шомылады. Мәселен, Махамбет ауданында – 19, Атырау қаласының аумағында – 17, Қызылқоғада – 15, Индерде – 10, Жылыойда – 7, Құрманғазы ауданында 2 қауіпті учаске орналасқан. Биылғы шомылу маусымында қауіпті учаскелерде 28 адам суға батып кетті. Оның ішінде 10 бала бар» - дейді Бақыт Абланов.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды