Атырау облысында жаппай төбелес туралы жалған ақпарат таратқан жасөспірім ұсталды

Ювеналды полиция инспекторлары ешқандай төбелестің болмағанын анықтаған

Атырау облысында жаппай төбелес туралы жалған ақпарат таратқан жасөспірім ұсталды
фото ашық дереккөзден алынды

Атырау облысында жасөспірім жаппай төбелес туралы жалған ақпарат берген, деп хабарлайды Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Облыстық полиция департаменті таратқан ақпарат бойынша, Жылыой ауданында тұратын жасөспірім полицияға жалған хабар берген. Аудандық полиция бөлімінің «102» операторына белгісіз адам қоңырау шалып, Құлсары қаласының 3-шағынауданындағы балалардың ойын алаңында жаппай төбелес болып жатқанын айтқан.

«Жалған хабар берген кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 438-бабына сәйкес, полицияны көрінеу жалған шақырғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.