$ 538.33  626.99  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.09.2021, 13:15
Жаңалықтар

Алматы облысында коронавирус жұқтырған оқушылар саны 583-ке жетті

Қазір облыста 341 сынып карантинге жабылған

Алматы облысында коронавирус жұқтырған оқушылар саны 583-ке жетті
фото ашық дереккөзден алынды

Алматы облысында коронавирус жұқтырған оқушылар саны 583-ке жетті, деп хабарлайды Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

«2021 жылдың 1-17 қыркүйек аралығында облыс бойынша оқушылар арасында коронавирус инфекциясымен сырқаттанудың 583 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 214 жағдай жазғы демалыс кезінде, 355 жағдай оффлайн оқыту кезінде және 14 жағдай онлайн оқытуда тіркелген»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

«Облыстың 167 мектебінің 341 сыныбына карантин енгізу туралы қаулы шықты және 5042 оқушы қашықтан оқи бастады. Педагогтер арасында 1-17 қыркүйек аралығында облыс бойынша КВИ-мен ауырғандардың 88 жағдайы тіркелді, оның ішінде 32 педагог жазғы демалыс кезінде ауырып қалды. Өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары педагогтар, оқушылар, студенттер және техникалық персонал арасында сырқаттанудың күнделікті мониторингін жүргізеді»,- делінген хабарламада.


 

 

 

 

 

 

Серіктес жаңалықтары