$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.09.2021, 16:23
Жаңалықтар

Ұлттық кеңес мүшелері алдағы алтыншы отырысқа дайындықты талқылады

Отырыста ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсарту мәселесі айтылды

Ұлттық кеңес мүшелері алдағы алтыншы отырысқа дайындықты талқылады
фото ашық дереккөзден алынды

Бүгін ҰҚСК әлеуметтік жаңғырту мәселелері бойынша жұмыс тобының мүшелерімен онлайн форматта жиын өткізді, деп жазды Президент көмекшісі Ерлан Қарин Facebook-тегі парақшасында.

«Кездесуге Ұлттық кеңес мүшелері Мұрат Абенов, Гульмира Илеуова, Рауан Кенжехан, Татьяна Талаева, Эмин Аскеров, Айгүл Орынбек, Арман Кашкинбеков, Лаура Демесинова, Қайсар Тұрсынқожа, Максим Рожин, Марат Башимов, Уайс Ерсайынұлы қатысты. Ұлттық кеңестің алдағы алтыншы отырысына дайындық аясында тұтынушылардың құқығын қорғау, ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсарту, медициналық қызмет көрсету тәсілдерін жетілдіру және экологиялық мәселелерді шешу мәселелері бойынша ұсыныстар талқыланды. Жақын арада Ұлттық кеңестің басқа жұмыс топтарының өкілдерімен осындай онлайн-кездесулерді өткізу жоспарлануда, - деп жазды Е. Қарин.

Серіктес жаңалықтары