Ұшақ апатынан қаза тапқан кейбір адамдардың аты-жөндері белгілі болды
Бэк эйр әуекомпаниясының №Z2100 рейсіндегі апаттан қаза болғандардың саны 14 адамға жетті.

Әзірге, жеті адамның аты-жөндері белгілі болды.
Олар:
1. 1971 жылы туған Николай Астахов
2. 1940 жылы туған Р.Қайдаров
3. 1974 жылы туған Бауыржан Қалиев
4. 1974 жылы туған Базархан Кәрібаев
5. 1961 жылы туған Марат Мұратбаев
6. 1982 жылы туған Абай Нұрбаев
7. Туған жылы белгісіз А.Исина.
Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, қаза тапқандардың саны сағат санап артуда. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, апат орнында 70 техникка, 36 жедел жәрдем бригадасы, 976 құтқарушы жұмыс істеп жатыр.
Қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат 07:22-де тіркелді. Алматы-Нұр-Сұлтан бағытында ұшқан Бэк эйр әуекомпаниясының №Z2100 рейсі, Fokker-100 ұшағы бетон қоршауды сындырған. Дереу құтқару жұмыстары басталды, өрт болған жоқ.