Ұшақ апатынан жарақат алғандарға шұғыл қан керек - Аружан Саин
Донор болып, ауыр халдегі адамдарға қол ұшын созғысы келетіндер төмендегі мекен-жайға хабарласа алады

Бүгін Алматы-Нұр-Сұлтан бағытын бойынша жолға шыққан Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы іргесінде болған ұшақ апаты салдарынан қайтыс болғандар саны 14 адамға жеткен.
Соңғы ақпаратқа сенсек, ұшақ апатынан ауыр халде жатқан 17 адам бар. Ауыр жарақат алған адамдарға шұғыл қан керек. Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин хабарлады.
«Құрметті алматылықтар! Ұшақтың құлауына байланысты барлық қан топтарының донорларына шұғыл көмек қажет!» делінген хабарламада. Донор болатын адам бұрын-соңды төмендегідей ауруларға шалдықпаған болуы тиіс.
1. гепатит;
2. бруцеллез;
3. мерез;
4. жүрек аурулары, бронх демікпесі, есірткіні тұтынушылар, АҚТҚ жұқтырған, созылмалы алкоголизммен ауыратындар.
Ұшақ апатынан зардап шеккен адамдарға донор болғысы келетін адамдар Алматы қаласындағы қан құю орталығына баруы тиіс. Мекен-жайы: Бұқар жырау 47, тел: 274-31-99
Ал Алматы облысы бойынша қан құю орталығының мекен-жайы: Қаскелең. ст. Абылай хан, 42. Тел: +7 (72771) 2 28 04.