$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.12.2019, 03:20
Жаңалықтар

Елордада жолақыны адамның бет-әлпетін тану жүйесі арқылы төлеу енгізілді

Арнайы жабдықтар екі автобуста орнатылған

Елордада жолақыны адамның бет-әлпетін тану жүйесі арқылы төлеу енгізілді
Фото: alrt.kz

Елорда қоғамдық көлігінде бет-әлпетпен жол ақысын төлеу жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Астана LRT-ға сілтеме жасап.

«FacePay жүйесі жол ақысын жолаушыларға беп-әлпетпен төлеуге мүмкіндік береді. Арнайы жабдықтар екі автобуста орнатылған. FacePay пайдаланушылары бұл автобустарды корпустағы логотиптер арқылы тани алады. Әлемде осындай жоба қоғамдық көлікте алғаш рет жүзеге асырылуда. Бұл сервис арқылы кез келген жолаушы қоғамдық көлікке кіріп, жол жүру ақысын төлей алады. Қолма-қол ақшасыз төлем болғандықтан жол жүру құны 90 теңге», - делінген компания хабарламасында. 

Арнайы камералармен жабдықталған автобустарда жүйе адамның бет-әлпетін танып, автоматты түрде қажетті соманы алады. Пайдаланушы жүйе арқылы, сондай-ақ өз банкінің смс-банкингі арқылы төлем туралы хабарлама алатын болады. Бұл жүйе жүргізуші үшін ыңғайлы және автоматты түрде есеп айырысуға мүмкіндік береді. Жүйе қолданыс үшін оңай және оның қауіпсіздігі тиісті деңгейде. 

Қоғамдық көлікте жол ақысын FacePay арқылы төлеу үшін Тelegram-нан @FacePay_bot бот-бағдарламасын тауып, оған ЖСН-ды тіркеп, суретке түсіру керек және банктік картаны тіркеу қажет.

Серіктес жаңалықтары