$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.12.2019, 02:43
Жаңалықтар

Алматы облысында шенеуніктер төбелесті - видео

Төбелестің видеосы әлеуметтік желіде кең тарап кетті

Алматы облысында шенеуніктер төбелесті - видео
Фото: видеокадр

Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімі орынбасарының мейрамханадағы төбелесі түскен видео әлеуметтік желіде кең тарап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел бұл видео жаңа жылдық кеште түсірілмегенін айтты. 

«Оқиға «Белые розы» мейрамханасында 25 желтоқсан күні, түнгі 00.30-да болған. Аудан әкімінің орынбасары мейрамхана қонағымен сөзге келіп қалған. Дау соңы төбелеске ұласқан. Қазіргі таңда лауазымды тұлғадан түсініктеме алынған. Алдағы уақытта оған қатысты тәртіптік жаза қолданылады», - деп жазды ол «Facebook» парақшасында.

Ал Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппарат басшысы А.Нұрпейісов шулы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатқаны туралы ресми ақпарат таратты. Оның айтуынша, аудан әкімдігінде осы тексеру бойынша жұмыс комиссия тобы құрылды.

Серіктес жаңалықтары