Головкиннің жекпе-жегі жылдың үздік бестігіне кірді
Британияның Boxing News журналы жылдың ең үздік жекпе-жектерін анықтады
Бокс туралы жазатын ең ірі басылымдардың бірі, 1909 жылдан бастап шығатын Boxing News журналы 2019 жылдағы кәсіпқой бокстағы үздік он жекпе-жекті атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі sports.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған тізімде үздік бестікті отандасымыз Геннадий Головкин мен украиналық боксшы Сергей Деревянченконың 5 қазан күні Нью-Йоркте өткен жекпе-жегі түйіндеп тұр.
«Жекпе-жекте екі боксшы да дес бермеді, бірақ судьялар бірауыздан жеңісті Головкинге берді. Осылайша ол орта салмақтағы IBF әлем чемпионы титулын иеленді», - деп жазылған хабарламада.
2019 жылы болған үздік он жекпе-жек:
1. Наоя Иноуэ — Нонито Донейр
2. Джош Тейлор — Реджис Прогре
3. Энди Руис — Энтони Джошуа
4. Эррол Спенс — Шон Портер
5. Геннадий Головкин — Сергей Деревянченко
6. Хосе Рамирес — Морис Хукер
7. Стивен Уорд — Лиам Конрой
8. Артур Бетербиев — Александр Гвоздик
9. Джулиан Уильямс — Джарретт Херд
10. Роберт Таларек — Патрик Шимански