$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.09.2021, 18:06
Жаңалықтар

Бірнеше өңірде үсік жүреді: 12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Еліміздің таулы аудандарында жаңбыр жауса, солтүстік және орталық аймақтарында тұман түседі

Бірнеше өңірде үсік жүреді: 12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер жексенбі, яғни 12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

«Шығыс жарты шарда және солтүстік аймақтарда, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Еліміздің батыс жартысында антициклон жотасының әсерінен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең солтүстік және орталық аймақтарда тұман түседі. Республиканың шығыс жартысы мен солтүстік өңірлерінде жел 15-20 м/с күшейеді», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай ойнайды, жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Павлодар облысында күндіз жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, түнде тұман, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында түнде солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде,  солтүсті-батысында тұман түседі, солтүстігінде, шығысында және орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысында түнде және таңертең солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі, түнде және күндіз солтүстігінде, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жел күшейеді. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түседі, күндіз солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

«Түнде Ақмола облысының оңтүстік-батысында, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қарағанды облыстарының  солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік жүреді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары