$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.09.2021, 15:23
Жаңалықтар

Қазақстандық дипломаттар «Ауылыма кітап» акциясына қатысты

Ведомство қызметкерлері кітапхана қорына 200-ден астам кітап сыйға тартты

 

Қазақстандық дипломаттар «Ауылыма кітап» акциясына қатысты

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұжымы мен «Қазақстандық дипломаттар бірлестігі» Отбасы күніне арналған «Ауылыма кітап» жалпыұлттық қайырымдылық акциясына қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Акцияның мақсаты – оқушылар арасында кітап оқу мәдениетін ілгерілету, өскелең ұрпақтың жоғары азаматтық және рухани-өнегелік бағдарын қалыптастыру. Мектептер мен кітапханалардың білім әлеміне бағыттаушы ерекше рөлін атап өткен сыртқы саяси мекеменің қызметкерлері Ақмола облысы Қоянды ауылындағы №2 орта мектептің кітапхана қорына қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 200-ден астам көркем әдебиет кітаптарын сыйға тартты», - делінген СІМ баспасөз хабарламасында.

Мектеп оқушылары мен ұстаздарымен кездесуде Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Асқар Абдрахманов жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыруда және келешекте кез келген мамандықтың, соның ішінде халықаралық қатынастардың қыр-сырын үйренуде, одан әрі білім алуға дайындалуда кітаптың маңызы зор екенін атап өтіп, балаларға жаңа білімді ігеруде табыстар тілеп, кітапты көбірек оқуларына тілектестік білдірді.

Өз кезегінде мектеп директоры Қаратаев Тұрар Батырғалиұлы мен Ақмола облысы Целиноград ауданы білім қызметкелерінің кәсіподақ кенесінің төрағасы Қайыр Сәтбалдин мектепке көңіл бөліп, өскелең ұрпақтың білімінің артуы мен рухани өсуіне жағдай жасауға қосқан үлестері үшін ризашылықтарын білдірді.

Сондай-ақ, мектеп оқушылары құнды сыйлықтар үшін «Қазақстан дипломаттар бірлестігіне» алғыс айтып, қонақтардың назарларына кішігірім концерттік бағдарлама ұсынды.

Серіктес жаңалықтары