Петропавлда бойжеткеннің телефонын тартып алған жігіт ұсталды

Қазір іс «тонау» бабы бойынша қаралып жатыр

фото ашық дереккөзден

Петропавлда полицейлер бойжеткеннің қолындағы смартфонын тартып әкеткен жігітті ұстады, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметі.

Полицияның кезекші бөліміне түнгі сағат 1.00 шамасында Петропавлдың Сәтбаев көшесіндегі дүкендердің маңында белгісіз ер адамның қыздың ұялы телефонын тартып әкеткені туралы хабарлама түскен.

Тәртіп сақшылары бейнебақылау камералары арқылы күдіктіні анықтады. Ол бұрын бұзақылық жасағаны үшін сотталған 25 жастағы қала тұрғыны екен.

Сол күні кешке ер адам дәмханаладан шығып, вокзалға қарай кетіп бара жатқан бойжеткенді көрген. Артынша қыздың қолындағы смартфонын тартып алып, кетіп қалған. Келесі күні оны екінші полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады.


 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.