Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан азық-түлік 7,1 пайызға қымбаттады
Азық-түлік өнімдері бағаның өсуі бойынша бірінші орында тұр
Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан азық-түлік 7,1 пайызға қымбаттаса, кей өнімдер арзандады.
Ұлттық статистика бюросы СҚО бойынша департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, өңір бойынша инфляция – 5,6%.
Азық-түлік жыл басынан бері 7,1%-ға қымбаттаған. Май бағасы 13,4%-ға, нан бағасы сегіз айда 11,4%-ға өскен.
Бұдан басқа ұн - 9,9%, жармалар – 9,3%, балық пен балық өнімдері – 7,6%, ет – 6,8%, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер – 4,2%-ға қымбаттады.
Көкөністердің бағасы жалпы 14,3 %-ға өскен. Ал қияр 28,8%-ға, қызанақ 15,9%-ға арзандады. Темекі өнімдерінің бағасы 14,6%, спирттік ішімдіктер 6,2 %, алкогольсіз сусындар – 6,6 % өскен.
Солтүстік Қазақстан тұрғындары қоғамдық тамақтану қызметіне бұрынғыдан 4,8%-ға көп төлейді.