26.12.2019, 06:03
Жаңалықтар
Елордада қала маңына қатынайтын жаңа бағдар іске қосылды
Жаңа бағдар 25 желтоқсаннан бастап қатынайды
Фото: ашық дереккөзден
Нұр-Сұлтан маңындағы Жібек жолы ауылына қатынайтын жаңа №322 бағдар іске қосылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана LRT» сайтына сілтеме жасап.
«Жаңа бағдар 25 желтоқсаннан бастап қатынайды. Жібек жолы ауылы тұрғындарының көптеген өтініштері бойынша бағдардың қозғалыс сызбасына 4-шағын ауданы қосылды. Аталмыш бағдардың бастапқы аялдамасы – №2 Ақмола облыстық ауруханасы, соңғы аялдамасы - Жібек жолы ауылының 4-шағын ауданы», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін қала маңындағы Жібек жолы ауылына №304 бағдардағы автобус қатынайтын. Ауыл тұрғындарының көбеюіне байланысты енді №322 бағдар іске қосылды.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды