Биыл Қазақстанға 30-дан астам шетелдік террорист кірген
Бұдан бөлек, шекарашылар халықаралық іздеуде жүрген 10 азаматты тұтқындады
Биыл ел аумағына 30-дан астам шетелдік террорист кірген. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков Мәжілістің жалпы отырысында осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Бұл лаңкестер қазір өз елдеріне қайтарылған. Бұдан бөлек, қазақстандық шекарашылар биыл халықаралық іздеуде жүрген 10 азаматты тұтқындапты. Шенеунік мұндай экстремистік ұйымдардың ел аумағына кіруін болдырмас үшін шекаралық ынтымақтастықты құрудың маңызы зор екенін айтады.
«Өңірлік терроризмге қарсы құрылымның аясында шекара тараптардың шекара қызметтері өзара қимылдарын қамтамасыз етеді. Жылына ең кемі екі рет осы шекара ведомсво басшылары бас қосып, отырыс өткізеді. Отырыста қажетті шешім қабылдап, олар жүзеге асырылады»,- дейді Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Нұрғали Білісбеков.
Биыл 5-ші сессия басталғалы депуттар 77 заң жобасын талқылады. Оның 36-ы қаралып, мақұлданған. Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы және басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жаза қатаңдатылды.
«Осы жолда біз Тұңғыш президентіміз, Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа белгілеп берген стратегиялық бастамаларды басшылыққа алдық. Сонымен бірге, сессияның ашылуында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев алға қойған мақсаттар біздің басым бағыттарымыз болды», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.