ШұғылЕлімізде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

Бейбітсүйгіш елдердің рейтингі: ТМД бойынша Қазақстан алдыңғы қатарда

Бірінші орында – Исландия, соңғы орында – Ауғанстан

көрнекі фото

Қазақстан бейбітсүйгіш елдер рейтингінде 163 елдің ішінен 67-орынды иеленді. Finprom.kz мәліметі бойынша, Қазақстанда терроризм және экстремизм бойынша тіркелген құқықбұзушылық саны бірден 20%-ға өскен.

Сарапшылар 2021 жылдың қаңтар–шілде айларында елде 139 құқық бұзушылық тіркелгенін атап өтті.

«Салыстыру үшін: 2020 жылдың ұқсас кезеңінде елімізде осындай 116 құқық бұзушылық тіркелді. Өңірлік бөліністе экстремизм мен терроризмге байланысты құқықбұзушылықтың басым бөлігі Түркістан облысында тіркелді», - деп хабарлайды сарапшылар.

Сондай-ақ, құқық бұзушылық көп тіркелген ТОП-3 өңірге Жамбыл облысы мен Шымкент қаласы да енді. Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында - бар болғаны бір жағдайдан тіркелген.

Құқықбұзушылықтың көбі әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздырумен байланысты.

Бұдан бөлек, құқық бұзушылықтардың «танымал» түрлеріне - терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру, сондай-ақ олардың экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметіне тыйым салу немесе жою туралы сот шешімінен кейін қоғамдық немесе діни бірлестіктің не өзге де ұйымның қызметін ұйымдастыру және оған қатысу екені атап өтілді.

Бейбітсүйгіш елдердің рейтингінде 1,94 индексімен Қазақстан 67-орынды иеленген. Индекс неғұрлым жоғары болса, ел соғұрлым бейбіт деп саналады.

Бейбітшілік индексі соғыстың болуын немесе болмауын ғана емес, сонымен бірге зорлық-зомбылықтың болмауын, зорлық-зомбылықтан қорқу деңгейін, қауіпсіздікті, жалғасып жатқан қақтығыстар мен милитаризацияны да ескереді.

«Рейтингте ҚР-дан жоғары орынға ТМД елдері арасында Молдова шықты. Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Тәжікстан, Түрікменстан, Беларусь, Әзірбайжан, Украина және Ресей сияқты елдер Қазақстаннан төмен болды», - деп нақтылады зерттеушілер.

Исландия, Жаңа Зеландия және Дания бейбітсүйгіш елдер рейтингінде көш бастады. Рейтингтің ең соңында Ауғанстан орналасқан.